{metadescription}
Өзбекстан Қазақстан арқылы Еуропа нарығына шықпақ
Өзбекстан Қазақстан арқылы Еуропа нарығына шықпақ

Өзбекстан Қазақстан арқылы Еуропа нарығына шықпақ

Қазақ-өзбек шекарасында «Орталық Азия» халықаралық орталығы  ашылуы  мүмкін. Қытаймен арадағы «Қорғас» сияқты жұмыс істейтін орталық жүк тасымалының ұлғаюына серпін бермек. Бұл жоба сәтті жүзеге асса, құдайы көршімізге Қазақстан аумағы арқылы Еуропаның қақпасы ашылады.

Өзбекстанда мемлекеттік сапармен жүрген Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесі Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізіп  бірнеше маңызды құжаттарға қол қойды.

Өзбек жұрты қазақ басшысын мәртебелі мейманға сай салтанатпен қарсы алды. Қос елдің тулары қатар тігіліп, біздің елімізге деген  жылы сөздерін жарқыратып қойған. Осыдан-ақ, бұл сапарға Өзбекстанның  үлкен мән бергенін аңғаруға болады. Алдымен президент кортежі жалтырап жатқан  Ташкент көшелерімен жүріп өтті. Кейін сүліктей қара көліктер Көксарай президент резиденциясына бет түзеді.

Шавкат Мирзиёев пен Қасым-Жомарт Тоқаев  кеше бейресми кездесіп біраз мәселенің басын ашып алған. Ал бүгін протоколға сай ресми жүздесу. Оның үстіне мәртебесі жоғары мемлекеттік сапар болғандықтан әскер сап түзеп, қос елдің әнұраны шырқалды. Кейін  Мирзиёев Тоқаевты Президент лауазымына кірісуімен құттықтап, саясаткер ретіндегі мол тәжірибесін атап өтті. Бастысы тараптар  алыс-беріс пен барыс-келісті арттыруға уағдаласты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бауырлас, тату көрші және стратегиялық серіктесіміз Өзбекстанға жасалған осы сапардың маңызы зор, мәні терең деп білемін. Қазақта «өзбек өз ағам» деген сөз бар. Өзбек елінде «қазақ жолдасың болса, адаспайсың» дейді. Бұл нақыл сөз халықтарымыздың бір-біріне деген сенімін, бауырластығын, шынайы сезімі мен кең пейілін айқын көрсетеді.

Ал кеңейтілген отырыста Тоқаев пен Мирзиеев қазақ-өзбек шекарасында «Орталық Азия» халықаралық орталығын ашуға уағдаласты. Осылайша, Ташкентке Қазақстан аумағы арқылы Еуропаға жол ашылады. Бұл екі мемлекеттің  транзиттік әлеуетін арттырады.

Шавкат Мирзиёев - Өзбекстан Республикасының Президенті:

- Орталық Азиядағы алғашқы мемлекеттік сапарыңыздың біздің елден басталуы өзбек халқына деген үлкен құрметіңіз деп білемін. Қазақстан ең жақын көршіміз ғана емес, саяси сенімді серіктесіміз. Бұған дәлел өткен жылы сауда айналымы 30 пайызға артып, 3 млрд долларға жетті. Бұл межемен тоқтап қалмайтынымыз анық.

Жиын соңында бірнеше құжат бекітілді. Тараптар болашақта көші-қон, дін істері және экономика салаларындағы әріптестікті нығайтуды қолға алмақ. Бұдан бөлек, Ауғанстан мен Арал теңізін құтқару жайы да екі ел басшыларын алаңдатып отыр. Бұл мәселені президенттер үнемі байланыста отырып  жүйелі түрде шешуге келісті.

Ал дәл осы сағаттарда Ташкентте Өзбекстандағы Қазақстан жылының ресми ашылуына арналған салтанатты шара өтуде. Бұл мәдени байланыс бауырлас екі елді одан сайын жақындата түспек. «Өзбек өз ағам» деген Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевті Қазақстанға шақырды. Сапардың мерзімі кейін нақтыланбақ.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде