{metadescription}
Мұғалімдер тиесілі жалақысынан қағылып келген
Мұғалімдер тиесілі жалақысынан қағылып келген

Мұғалімдер тиесілі жалақысынан қағылып келген

Жамбыл облысында мүгедек балаларды үйінде оқытатын 2 мыңнан астам мұғалім жалақысынан қағылып келген. Өңірдегі білім саласына жауаптылар екі жыл ішінде жалпы соммасы 70 млн. теңгеге жуық қаржыны тиісті мақсатта үлестірмегені анықталды.  

Бұл бассыздықты аймақтағы білім беру мекемелеріне тексеріс жүргізген прокуратура әшкерлеген. Құзырлы орынның мәліметінше, 2016-2018 жылдары аралығында екі мыңнан астам ұстаздың еңбек құқығы бұзылған. Яғни мұғалімдер мүмкіндігі шектелу шәкірттерді тегін оқытып келген. Заң бойынша, жарымжан балалардың үйіне барып білім берген әрбір маманға жалақыдан бөлек қосымша ақша берілу тиіс. Алайда, ол үлестірілмеген. Дегенмен прокуратураның араласуынан кейін мамандардың маңдай тер ақылары қайтарылыпты.

Қайсар Бекмұратов, Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі:

- Мұғалімдерге көрсетілген еңбек жағдайы үшін жалақы көлемімен алғанда, 40 пайыз қосымша төлемдер берілу тиіс еді. Алайда бұл екі жылдан бері істелмеген. Ықпал ету шараларымен заң бұзушылықтар жойылып, білім беру жүйесінің 8 лауазымды тұлғасы түрлі тәртіптік жауапкершілкке тартылды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде