{metadescription}
Жарымжандарға дауыс беруге жағдай жасалады
Жарымжандарға дауыс беруге жағдай жасалады

Жарымжандарға дауыс беруге жағдай жасалады

Еліміздің тұрғындары қай жерде дауыс беретінін 10-шы мамырға дейін анықтауы тиіс. Егер сайлаушы 9-шы маусымда өзге өңірге немесе шетелге шығатын болса, әкімдікке барып өтініш қалдыра алады.

Сондай-ақ, биылғы Президент сайлауында мүгедектерге ерекше жағдай жасалады. Биыл сайлау тарихында алғаш рет мүмкіндігі шектеулі жандар учаскелеріне барып, өз таңдауын жасайды. Бұған дейінгі науқандарда оларға бюллетенді үйлеріне апарып беретін. Енді орталық сайлау комиссиясы жарымжандардың емін-еркін келіп-кетуін қамтамасыз етпек. Ол үшін өңірлерде әлеуметтік таксилер мен арнайы жабдықталған көліктер жұмыс істейді. Сондай-ақ, зағип жандарға көмекшілер мен сурдоаудармашылар беріледі. Қазір елімізде 680 мыңнан астам мүгедек бар. Оның шамамен 500 мыңнан  астамы дауыс беруге құқылы.

Ләззат Сүлеймен, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

- Көзі көрмейтін немесе нашар көретіндерге барлық материалдар аудио форматта естуге ыңғайлы болуы керек. Арнайы компьютерлер болады сайлау учаскесінде. Әрбір учаскелерде арнайы кабиналарда қоларбаларымен кіріп-шығатындай мүмкіндік қарастыруды жергілікті органдарға тапсырып отырмыз.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде