{metadescription}
Алматы тұрғыны пәтеріне 30 адамның заңсыз тіркелгенін айтып шағымданды
Алматы тұрғыны пәтеріне 30 адамның заңсыз тіркелгенін айтып шағымданды

Алматы тұрғыны пәтеріне 30 адамның заңсыз тіркелгенін айтып шағымданды

Бір пәтерде 30 адам. Алматыда үш бөлмелі пәтерге иелерінен бөлек 26 адамның тіркелгені анықталды. Небәрі 60 шаршы метр жерге осыншама адамды кім және қалай тіркегені беймәлім. Өйткені, үй иесі 10 жылдан бері төсек тартып жатыр. Ал, бұл сорақылықты оның қыздары халыққа қызмет көрсету орталығына құжат мәселесімен барғанда кездейсоқ біліпті.

Гауһар Ахметова халыққа қызмет көрсету орталығына күнде келеді. Өйткені, жарты жыл бұрын оның пәтерінде өзі танымайтын 26 адамның тіркеуде бар екені анықталған. Ең қызығы, олар 6 жылдан бері тізімде тұр. Гауһар бұл бассыздыққа Халыққа қызмет көрсету орталығындағылар кінәлі деп есептейді.

Гауһар Ахметова, Алматы қаласының тұрғыны:

-  Менің анамнан басқа ешкімнің тіркеуге қақысы жоқ. Себебі ол үйден шықпайды. Миграцияға келмейді, қол да қоймайды. Ешкім де тіркеу керек деп сұрап жатқан жоқ.

Пәтер иесінің қыздары халыққа қызмет көрсету орталығындағылар бұл мәселені шешуге құлықсыз деп налиды. Тіпті, олар белгісіз адамдарды тіркеуден шығару үшін үй иесі, яғни, анасының келуі міндетті деп шығарып салады екен. Алайда, апалы-сіңлілі Ахметовалардың анасы екінші топтағы мүгедек. Төсекке таңылған. Сондықтан, ешқайда шыға алмайды. Ал, тіркеудегі бөгде адамдардың айыппұлдары бірінен соң бірі пәтерге келіп жатыр.

Ләззат Ахметова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Ай сайынғы пәтер ақысының түбіртек астына 15-20 көліктің айыппұлдары келеді. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін коллекторлар мен сот орындаушылары үйге күнде келеді. Әке-шешем өздігінен сыртқа шыға алмайды. Тіпті жеке куәлікті жоғалтып алған кезіміз болған емес.

Алматыда әр адам 15 шаршы метрден кем аумаққа тіркелмеуі керек. Сондықтан мұндай олқылыққа жол бергендерді құзырлы мекеме анықауға кірістік деп сендірді.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

- Қазіргі таңда ішкі істер департаментіне қарасты көші-қон қызметінің өкілдері қызметтік тексеруді қолға алған болатын. Егер барлық деректер айқындалатын және дәлелденетін болса, оны жасаған лауазымды тұлғалар міндетті түрде тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады.

Ал, Ахметовтардың бар қалауы 26 адамды тезірек тіркеуден шығарып, алаңсыз өмір сүру.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.