{metadescription}
Ажырасып кеткен жұбайын өлтірмек болған
Ажырасып кеткен жұбайын өлтірмек болған

Ажырасып кеткен жұбайын өлтірмек болған

Әйеліне киллер жалдаған. Ажырасып кеткен жұбайын өлтірмек болған 41 жастағы Атбасар тұрғыны жалдамалы кісі өлтірушіге жүгініпті. Тіпті, өзінен туған 9 және 12 жастағы екі баласының бар екеніне де қарамаған қатыгез әкеге қатысты Көкшетауда сот басталды.  

Күнсұлу Тілегенова, зардап шегуші:

Сізді күйеуіңіз өлтіруге тапсырыс берді дегенде шалқамнан түсе жаздадым. Мен оның балаларының анасымын ғой. Екі кішкентай бала жетім қалады ғой. Жоқ, оны кешіре алмаймын.

Адам жалдап 2 баласының анасын өлтірмек болған оқиға Атбасар қаласында болған. Астраханка ауылындағы балалар спорт мектебінде есепші болып істеген әйелдің, ажырасқанына екі жыл болыпты. Бірақ, күйеуі Атбасарға  келіп, оны 1 айдай аңдып жүрген. Одан кейін киллер жалдайды. Ал, «тапсырыс берушінің» жоспарын әлгі киллер тәртіп сақшыларына жеткізген. Осы кезде жігіт әйелге көр қазып та қойған екен. Оны басынан ұрып «өлтірген» фото дәлел мен әйелдің ұялы телефонын әкеліп, киллер «ақысын» алған сәтте күйеуі тұтқындалды. Бұның қойылым екенін сезбеген ол, қазір Қылмыстық Кодекстің 4 бірдей бабы бойынша сот алдында жауап беріп жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде