{metadescription}
Жүздеген үй құлап, жолдар қирады
Жүздеген үй құлап, жолдар қирады

Жүздеген үй құлап, жолдар қирады

Индонезияда су тасқынынан қаза тапқандардың саны сағат санап артуда. Суматра аралындағы Беннкулу провинциясында 30-дан астам адам құрбан болып, 13 тұрғын із-түссіз жоғалған.

Нөсер жауынның кесірінен бірнеше өзен арнасынан асып, жағалаудағы аумақтарды топан су басып қалды. Табиғат апатынан зардап шеккен аймақтардан 12 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшіріліпті. Алапат тасқыннан жүздеген үй құлап, ондаған көпір мен маңызды жолдар қираған. Жаңбыр әлі толастамағандықтан қайтадан лай көшкіні мен су тасқыны болу қаупі бар. Айта кетейік, Индонезия желтоқсан айының соңындағы цунамиден әлі ес жимаған болатын. Ол кезде 430 адам қаза тапты.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде