{metadescription}
Қыста қар ерітіп, күзде жаңбыр суын пайдаланып күнелтіп отыр
Қыста қар ерітіп, күзде жаңбыр суын пайдаланып күнелтіп отыр

Қыста қар ерітіп, күзде жаңбыр суын пайдаланып күнелтіп отыр

Шымкентте тұтас ауыл қыста қар ерітіп, көктем мен күзде жаңбыр суын пайдаланып күнелтіп отыр. Қала құрамына 5 жыл бұрын кірген Айкөл ауылына шенеуніктер былтыр су тартамыз деп жоба да жасаған. Алайда, жұмыс бастала сала тоқтап қалды. Ал, көрінген суды ішіп, шетімізден ауру болдық деген жұрт енді шағымды Елордаға жазып жатыр.

Шымкент шетіндегі Айкөл ауылы 5 жылдан бері қаланың бір бөлігі. Алайда, мегаполис деуге аузың бармайды. Не телефон желісі, не мектебі жоқ ауылдың басты соры – ауыз судың жоқтығы. Қалаға қатынайтын көрінген көлікке жалынып, бір шөлмек болса да таза су әкелуін өтініп, әлекке түседі. Тіршілік нәрі арман болған айкөлдіктер кез-келген суды кәдеге жаратуды үйренген.

Ақтолқын Мырзабекова, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Жаңбыр келсе шелек-шелекті шифердің астына қоюмен әлекпіз. Ал, кейде қыстыңгүні қар ерітіп ішеміз. Ал бізді ескеріп жатқан бір адам жоқ. Сыртымыздан қатырып жатырмыз деп жатқан шығар. Бірақ бір басшыны көргеніміз жоқ.

Айкөлдегі жалғыз трактор 18 шақырымдағы скважинадан күнара су тасиды. 3 тоннасы 5 мың теңге. Бүгін су әкелетін күн екен. Тіршілік нәріне таласқан ел, зейнетақы әкелгендей мәре-сәре. Трактор бұзылып, болмаса жүргізушісі қыдырып кетсе айкөлдіктер атпен, есекпен, тіпті жаяулатып болсын шалғайдан су тасып әуреге түседі. Айтпақшы, ауыл ортасында ағып тұрған мына су 10 метр тереңдіктен шығады. Кезінде бір кәсіпкер шығарып берген. Ішуге мүлдем болмайды. Бірақ, амалы жоқтықтан ішіп, балалар мен әйелдердің көпшілігі ауру тауыпты. Ал, бұл суды тазарту үшін кезінде арнайы фильтр де алынған екен.

Басшылардың Айкөл тұрғындарына жасаған жақсылығының бірі мына су тазарту құрылғысы. 2015 жылы бюджет миллиондарына қойылған фильтр арада 3 ай өтпей бұзылып қалған. Қайта қосайын десе қажетті саймандары жоқ дүңгіршек ауыл ортасында қазір қаңырап тұр.

Қалалық әкімдік былтыр тіпті жақын жерден ұңғыма қазып, әр үйге құбыр жүргізбекші болыпты. Бірақ, жұмыс басталмай жатып тағы тоқтаған. Себебі...

Аманбай Байдуллаев, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Басшыларға барсақ ақшаның бәрі Түркістанға бөлініп жатыр дейді. Бұл жаққа ақша жоқ екен. Сонда біз адам емеспіз ба?!

Ал, шенеуніктер болса Шымкент ақшадан қағылып жатыр дегенді жоққа шығарады. Олардың айтуынша, ұңғыма қазу мен құбыр тарту жұмыстары биылдан қалмай бітуі керек. Оны бірер күнде шымкенттік депутаттар талқыға салмақшы.

Нұрлан Тілеш, Абай ауданы әкімінің орынбасары:

- Келісім шарт бойынша тамызда бітіру жоспарланған. Ақша бөліну керек. Келісімшарт бойынша 168 миллион. Көп қаржы емес қой 168 миллион деген.  

Басшының есебінше айкөлдіктер биыл күзден қалмай ауыз суға жарып қалмақшы. Бірақ, құрғақ уәдеден шаршаған жұрт ауыз суды Ақордадан сұрап, хат жазуда.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде