{metadescription}
КТК-да премьера!
КТК-да премьера!

КТК-да премьера!

КТК-да премьера! Сериал десе ішкен асын жерге қоятын көрермендерге арнап су жаңа туындыны тарту етеміз. Анасынан ерте айырылып, өмірдің қиындығына тап болған жетім қыздың қилы тағдыры туралы «Өгей ана» деп аталатын өзбек сериалы біздің арнада көрсетіле бастады.

Телехикая анасынан көз жазып, нағашы атасының қолында өскен Дильдора есімді қыз жайында. Кішкентай кезінде оның анасы аяқ астынан ауыр дертке шалдығып, қайтыс болады. Сол сәттен бастап бүлдіршін қайғысыз, қамсыз күндерімен хош айтысады. Өйткені әкесі марқұм әйелінің құрбысына қосылады да, Дильдораны нағашы атасы күшпен алып кетеді.

- Мен сізге немеремді бермеймін.

- Әке, кеткім келмейді.

Әкесі мен қызы көптеген жылдар бойы жүздеспейді. Өзін өзге әйел үшін тастап кетті деп санайтын Дильдора бұл жағдай үшін тек әкесін кінәлайды. Ал, оны өсірген нағашы атасы жасы келіп, сырқаттанғанда жиенін күйеу баласына қайтарып береді. Осы сәтте өгей ана мен Дильдораның шиеленіске толы ара қатынасы басталады.

- Сіз бізді әкемізден айырдыңыз.

- Неге мұнда қайтып келдіңіз?

Өгей ана туған шешенің орнын басқысы келеді. Десе де, бойжеткен өзегіне жиналған ыза мен кектің әсерімен оны өзімсіне алмайды. Басты кейіпкер қиындықтарды жеңіп, бұл отбасын қабылдай ала ма? Өгей шеше туғаныңдай болып кете ала ма? Осы және өзге де өмірдегі өзекті мәселелені қозғай отырып, көрерменге ой тастайтын телехикаяны сіз де көріңіз. Қазақ тіліндегі су жаңа туындыны дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 16:40-та КТК арнасынан тамашалай аласыздар.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде