{metadescription}
Алматыда балет мектептерінің халықаралық «Өрлеу» фестивалі өтті
Алматыда балет мектептерінің халықаралық «Өрлеу» фестивалі өтті

Алматыда балет мектептерінің халықаралық «Өрлеу» фестивалі өтті

Хореографтардың дәстүрлі басқосуы! Алматыда балет мектептерінің бесінші халықаралық «Өрлеу» фестивалі өтті. Ауқымды шараға 7 елден келген 100-ден аса өнерпаз қатысқан. Фестивальге Тұңғыш Президент қоры қолдау көрсетіп келеді.

Людмила Ли, А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің көркемдік жетекшісі:

- Біз фестивальге әр елдегі серіктес мектептерді шақырдық. Олар мұнда бір-екеуі ғана емес, топ болып келді. Осындай үлкен шара арқылы өздерінің ұлттық құндылықтары мен жеткен жетістіктерін көрсеткісі келеді. Сондай-ақ, өзіміздің қазақ халқының тарихынан сыр шертетін тың туындыларды тамашалай аласыздар.

Бишілердің басын қосқан 3 күндік жиын үлкен гала-концертпен аяқталды. Фестивальде көрмелер ұйымдастырылып, шеберлік сыныптары өткізілді. Сондай-ақ, гала-концерт барысында балет саласының үздіктері «Еңбек ардагері» атағымен марапатталды. Айта кетейік, биылғы фестиваль Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің 85 жылдық мерейтойына арналып отыр.

Ұлжан Шакенова, А. Селезнев атындағы Алматы хореграфиялық училищесінің 2-курс студенті:

Мен бұл училищеге 9 жасымнан түскен болатынмын. Өзім кішкентайымнан биге қызықтым. Бүгін біздің училищемізге 85 жыл. Атаулы мерекелердің бірі. Біз үшін өте маңызды. Өзіміздің 85 жылда жинаған дәрежесін, даңқын көрсетеміз. Басқа елдерден де қатысады. Біз-бірімізбен танысып, тәжірибе алмасып, өте қызық.

Кеше

20 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде