{metadescription}
Көкшетау жұрты Сәдібек Түгелдің сайлауалды бағдарламасымен танысты
Көкшетау жұрты Сәдібек Түгелдің сайлауалды бағдарламасымен танысты

Көкшетау жұрты Сәдібек Түгелдің сайлауалды бағдарламасымен танысты

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, жемқорлықты жою, ұлттық құндылықтарды насихаттау, ауылдарды дамыту. «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан кандидат Сәдібек Түгелдің сайлауалды бағдарламасында тап осы мәселелерге басымдық берілген.

Үміткердің бастамасын Көкшетау жұрты құптап отыр. Әсіресе, қазына қаржысын жымқырғандарға қатысты жазаны күшейту оң шешім,-дейді тұрғындар. Сәдібек Түгелдің «Мемлекеттік тілді білмейтіндер – мемлекеттік қызметке алынбасын» деген ұсынысы да жергілікті халықтың көңілінен шықты. Олар өскелең ұрпақтың билікке қарап бой түзейтінін атап өтті. 

Құмарғали Досов, Президенттікке үміткер С. Түгелдің сенімді өкілі:

- Сәдібек Түгелде бағдарламасының ішінде ең жақсы, маған ұнағаны қазақ тілін білмеген азамат ешқандай алдыңғы қатарлы болуға тиісті емес. Үкіметтік, мемлекеттік қызметтерге баруға тиісті емес. Ол ауылды білу керек, елді білу керек, қазақ тілін білу керек.

Кеше

20 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде