{metadescription}
Кандидат Әміржан Қосанов шетелде тұратын қазақтарға азаматтық беруге уәде етті
Кандидат Әміржан Қосанов шетелде тұратын қазақтарға азаматтық беруге уәде етті

Кандидат Әміржан Қосанов шетелде тұратын қазақтарға азаматтық беруге уәде етті

Президенттікке кандидат Әміржан Қосановтың аймақтардағы штабтары да үгіт-насихат жұмысын жүргізіп жатыр. Бүгін оның Ақмола облысындағы өкілдері Степногор қаласының тұрғындарымен кездесті.

Дахан Шөкшір, Ә. Қосановтың Ақмола облыстық штабының жетекшісі:

- Әміржан Қосановтың өкілі ретінде осында келіп, насихат үгіт жұмыстарын бастап жатырмыз. Қазір біз оның программаларын таныстырып, өзінің жеке басының өмірлерінде қандай қызметтер атқарғанын, ел үшін, халық үшін қандай жұмыс атқаратыны туралы көп мәселені қозғап жатырмыз.

Штаб жетекшісі халыққа әуелі кандидаттың өзін, артынша оның бағдарламасын таныстырды. Айта кетейік, сайлауға «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің атынан ұсынылған Әміржан Қосанов өз бағдарламасында мемлекеттік қызметкерлердің табысы мен шығынын жариялап отыруға, зиянды өндіріс орындарын жабуға, шетелде тұратын қазақтарға азаматтық беруге уәде етеді.

Кеше

20 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде