{metadescription}
Президенттікке кандидат Дәния Еспаева кәсіпкерлікті дамытпақ ойда
Президенттікке кандидат Дәния Еспаева кәсіпкерлікті дамытпақ ойда

Президенттікке кандидат Дәния Еспаева кәсіпкерлікті дамытпақ ойда

Президенттікке кандидат Дәния Еспаеваның сайлауалды штабының жетекшісі Азат Перуашев, өз кәсібін ашып, ауыл шаруашылығымен айналысқысы келген әрбір азаматқа қолдау білдіруге дайын екенін жеткізді.

Ақмола облысының Ерейментау қаласындағы агротехникалық колледждің ұжымымен кездескен партия өкілдері фермерлік шаруашылықты дамыту мәселесін негізгі тақырыптардың бірі ретінде алып отыр. Бұдан бөлек, жастарды кәсіпкерлікке баулып, өз ісін ашу үшін несие алудың жолдарын жеңілдетуге қатысты да тақырыптар қозғалды.  

Азат Перуашев, Президенттікке кандидат Д. Еспаеваның сайауалды штабының жетекшісі: 

- Олар әрі қарай жұмыс таба ала ма жоқ па? Таба алмаса кәсіпкерлікке қай жолмен баруы мүмкін. Мемлекет тарапынан және Атамекен тарапынан оларға қалай қолдау көрсетуге болады, - деп өзімізідің пікірімізді білдірдік және кандидаттың бағдарламасында көрсетілген мемлекет тарапынан преференциялар мен ынталандыру туралы айттық. 

Кеше

20 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде