{metadescription}
Шымкентте снарядты байқаусыз жарып алған тұрғын сотталды
Шымкентте снарядты байқаусыз жарып алған тұрғын сотталды

Шымкентте снарядты байқаусыз жарып алған тұрғын сотталды

Шымкентте снарядты үйіне әкеліп, салғырттық салдарынан жарып алған азаматқа үкім шықты. 36 жастағы азаматтың жарылғыш затты заңсыз тасымалдағаны және сақтағаны үшін жарты жылға бостандығы шектелді.

Еске салсақ, оқыс оқиға биыл ақпан айында Шымкент шетіндегі Забадам ауылында болған-ды. Шалғайдағы Арыс даласынан БТР-дің 47 снарядын тапқан жігіт, оны Шымкентке әкеледі. Металл қабылдайтын орталыққа өткізу мақсатында гильзаларды кеспек болғанда снаряд жарылып, өзімен бірге 21 жастағы жиенін де ауыр жаралайды. Үй иесі сол қолы мен сол аяғынан айрылса, дәрігерлер мейман туысының да бір аяғын кесуге мәжбүр болды. Бұл бойынша әуелі екі баппен іс қозғалып, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді. Тек, жәбірленушімен келісімге келгені үшін сот оған мейлінше жеңіл жаза тағайындап отыр.

Қайрат Ізбасаров, Еңбекші аудандық сотының судьясы:

-Үкім бойынша тоқталып кететін болсақ сотталушының жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотпен кінәсін толық мойындауы сонымен қатар жәбірленушіге келтірілген залалының орнының толуы және жәбірленушінің кешірім беруін сот ескерген.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде