{metadescription}
Елімізде қаржы нарығын реттейтін жаңа агенттік құрылуы мүмкін
Елімізде қаржы нарығын реттейтін жаңа агенттік құрылуы мүмкін

Елімізде қаржы нарығын реттейтін жаңа агенттік құрылуы мүмкін

Бұдан былай ломбардтар мен жалақыға дейін қарыз беретін қаржы ұйымдарының жұмысы бақылауға алынбақ. Осы мақсатта елімізде қаржы нарығын реттейтін жаңа агенттік құрылуы мүмкін. Бүгін Ұлттық банк тәуелсіз орган құруды қарастыратын заң жобасын Мәжілісте таныстырды. 

Олег Смоляков, Ұлттық банк төрағасының орынбасары:

- Самостоятельно функции регулированию надзору фин рынка, Жаңа агенттік қаржы нарығын реттеу және дамытумен айналысады. Әсіресе, тұтынушылық несие беретін ұйымдардың жұмысын бақылайды. Яғни несиелік серіктестіктер, ломбардтар мен банктік емес қаржы ұйымдарына қатысты мәселерді шешеді. 

Заң жобасына сәйкес, жаңа мемлекеттік орган тікелей Президентке есеп береді. Ол республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады. Осы мақсатта Үкімет жыл сайын шамамен 10 миллиард теңге бөлуі мүмкін. Агенттіктің әр өңірде филиалдары ашылады. Сөйтіп, 600-ге жуық адамды жұмысқа алу жоспарда бар. Ал ондағы қызметкерлердің мәртебесі Ұлттық банктің талаптарына сай болады. Олардың жалақысын Үкімет бекітеді. Айта кетейік, бұған дейін 2004 жылы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын қадағалайтын агенттік құрылған еді. Алайда 2011 жылы оның өкілеттілігі Ұлттық банкке берілді.

Кеше

20 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде