{metadescription}
Алматы облысында екі адамның өмірін жалмаған ұшақ апатына қатты жел себеп болған
Алматы облысында екі адамның өмірін жалмаған ұшақ апатына қатты жел себеп болған

Алматы облысында екі адамның өмірін жалмаған ұшақ апатына қатты жел себеп болған

Алматы облысында екі адамның өмірін жалмаған ұшақ апатына қатты жел себеп болған. Азаматтық авиация академиясына тиесілі оқу жаттығуға арналған ұшақ, Ұшқоңыр ауылының маңында екі жылдай бұрын құлаған еді. Ұзаққа созылған тергеудің қорытындысы бүгін жария етілді.

Нұрлан Жұмасұлтанов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Авиациялық оқиғаларды тергеу басқармасының басшысы:

Шағын ұшақ көкке көтеріле бергенде құйынға тап болып, аударылып кеткен. Яғни,сол сәтте әуе кемесін басқару мүмкін болмағандықтан ұшқыш тізгінге ие бола алмай жерге соғылған. Апаттың негізгі себебі осы.

Оның үстіне, ұшақтың техникалық құжаттарынан бірнеше шикілік шығып отыр. Әрі авиация академиясының әуе кемесі ұшқан аэродром, оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуге арналмаған екен. Онда ұшуға рұқсат берген компания басшысы қазір бас сауғалап кеткен. Айта кетейік, оқу-жаттығуға арналған Tecnam 2002 ұшағы, 2017 жылдың тамыз айында Алматы облысында құлаған. Ішінде болған инструктор-ұшқыш пен курсант сол жерде қаза тапты. Олар кабинадан шыға алмай тірідей жанып кеткен.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде