{metadescription}
«Бала дауысы» талантты керекуліктердің өнеріне тәнті болды
«Бала дауысы» талантты керекуліктердің өнеріне тәнті болды

«Бала дауысы» талантты керекуліктердің өнеріне тәнті болды

Ал осымен төртінші рет ұйымдастырылып отырған «Бала дауысы» ұлттық ән байқауы бүгін Павлодарда өтті. «Жандану әлемі» қоры ұйымдастырған теңдессіз жобаға жүзден аса керекулік жас дарын қатысты. Олар эстрада жұлдыздарының алдында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ән шырқады. Ал ақтық сынға жолдама алған бала еліміздің өзге өңірлерінен келген үздіктермен қазан айында бақ сынаспақ.

12 жасар Шыңғыс «Бала дауысы» ұлттық ән байқауына былтыр өтпегенімен, еңсесін түсірмепті. Биылғы іріктеуге мықты дайындықпен келген ол тағы да бағын сынап көрмекші.

Шыңғыс Асығатұлы, қатысушы:

- Дайындап алып келген әнім – ол өзімнің авторлық әнім астанамыз – «Нұрсұлтан». Сөзі мен әні Асығат Тұрғанбеков, әкемдікі. Екінші айтатын әнім – ол француз тілінде «Пардон Муа» аудармасы айтқанда кешір мені, Мирей Матьенің репертуарынан. Үшінші әнім – «Show Must Go On», Queen тобының репертуарынан.

Ал эстрада жұздыздарының алдына келген өзге жеткіншектер орыс, қытай тілдерінде ән шырқап, қарсыластарынан ерекшелену үшін барын салды. Дарынды балалардың мықты дайындалғанын атаған тәлімгерлер болашақ өнер майталмандары осы өңірден шығып жатса таң қалмайммыз дейді.

Арман Қоңыр, әнші:

- Павлодар деген өте таланнты әртістерге бай қала ғой. Сондықтан менің өз ойым бүгін талантты жас болашақ жұлдыздарды көреміз бе деген ойдамын.

Ал ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы іріктеу өзге маусымдарға қарағанда ерекше. Яғни бұған дейін әр бала қазылар алқасының алдында жалғыз тұрып ән салса, биыл кастингке келген өзге жасөспірімдер мен ата-анасының алдында өнер көрсетеді. Ал жобаның ақтық кезеңі қазан айында өтпек. Ұлттық ән байқауының финалы күзде КТК арнасының тікелей эфирінде көрсетіледі.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде