{metadescription}
Әміржан Қосанов еңбек адамдарының құқығын қорғамақ
Әміржан Қосанов еңбек адамдарының құқығын қорғамақ

Әміржан Қосанов еңбек адамдарының құқығын қорғамақ

Президентікке үміткер Әміржан Қосанов Қарағанды облысындағы Үштөбе ауылының тұрғындарымен кездесті. Сайлауалды бағдарламасын таныстырған кандидат еңбек адамдарының құқығын қорғау керектігіне тоқталды.

Әміржан Қосанов, Президенттікке кандидат:

- Бізде шынымен де қоғамда еңбек адамына деген құрмет, ілтипат азайып жатыр. Бізде өнер туындылары арқылы, әр түрлі ақпараттық мүмкіндіктер арқылы басқа мамандықтар, басқа кәсіптер атышулы болып жатыр. Жастарға танымал болып жатыр. Меніңше Қазақстан экономикасының іргетасы болып саналатын осы нақты, реалды сектор. оларды насихаттау керек. Көркем туындылар арқылы, жастар осы адамдардың абыройын, еңбегін көру керек. 

Бұқар Жырау ауданына қарасты елді мекен халқының дені жұмысшылар. Ал өңірлердегі және ауылдық жерлерде белсенді жұмысты дамыту басым бағыттардың бірі. Жиынға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді.    

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.