{metadescription}
Дәния Еспаева ұстаздардың мәселесін шешетінін айтты
Дәния Еспаева ұстаздардың мәселесін шешетінін айтты

Дәния Еспаева ұстаздардың мәселесін шешетінін айтты

Дәния Еспаева Батыс Қазақстанда! Елімізде президенттікке кандидат атанған тұңғыш әйел бизнесмендермен және ұстаздармен кездесті. Оралға арнайы ат басын бұрған Еспаева билікке келген жағдайда кәсіпкерлікте жасайтын өзгерістері туралы айтып берді.

Атап айтқанда, президенттік қызметін ең бірінші кәсіпкерлікті дамытудан бастайтынын мәлімдеді. Ақжолдықтардың ақжолтай өкілін ең алдымен ойландыратыны экономика екен. Себебі, оның ойынша, мықты экономика ғана мемлекеттің негізін қалайды. Сондықтан, жаппай кәсіпкерлерге мән беру қажет деп санайды. Ал жоғары оқу орны ұстаздары болашақ кәсіпкерлерді дайындап шығарады. Сол себепті де олардың пікірі Еспаева үшін маңызды. Үміткермен кездесуге келгендер өз кезегінде сайлауға міндетті түрде қатысуға сөз берді.  

Сайлаубек Ғизатов, Университет оқытушысы:

- Келген мақсатымыз да үміткердің сайлауалды бағдарламасымен танысу болған. Енді президенттікке үміткер өзінің бағдарламасын ұсынды. Халық өз таңдауын жасайды деген ойдамыз.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде