{metadescription}
Тоқаевтың жақтастары Ақмола облысына барды
Тоқаевтың жақтастары Ақмола облысына барды

Тоқаевтың жақтастары Ақмола облысына барды

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы аграрлық аймақ – Ақмола облысына барды.

Мұнда партия өкілдері теміржолшылар, қоғам белсенділері, кәсіпкерлер және жастармен жүздесіп, сайлауалды бағдарламаның әр тармағына кеңінен тоқталды. Жалпы, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы сабақтастық, әділдік, өрлеу деп аталатын 3 бөлімнен тұрады. Мәңгілік ел құру туралы Елбасының стратегиялық саясатын жалғастырмақ ойда.

Мәулен Әшімбаев, Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының басшысы:

- Инфраструктураны дамыту, ауылдық жерлерде барлық керекті жұмыстарды жүргізу. Экономикамызды дамыту, кәсіпкерге барлық керекті мүмкіндіктерді жасау. Осының барлығы өрлеу қадиғатының жүзеге асырылуының көрсеткіші болады.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде