{metadescription}
Уран сақтайтын банк 3 айдан соң іске қосылады
Уран сақтайтын банк 3 айдан соң іске қосылады

Уран сақтайтын банк 3 айдан соң іске қосылады

Биыл тамызда төмен байытылған уран банкі іске қосылады. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен арадағы келісімге сай ол Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауытының аумағында орналасады. Бұл туралы Энергетика вице-министрі хабарлады. 

Әсет Мағауов, Энергетика вице-министрі:

- МАГАТЭ жобаны қаржыландыру үшін 150 миллион доллар бөлгізді. Біздің тарапымыздан жер берілді. Қазақстан бұл орайда уранды сақтауға және қорғауға жауапты. Халықаралық нысан Ұлттық гвардияның қорғауында болады.

Біздегі банкте 90 тонна уран сақталады. Төмен байытылған уран қорының резервін құрудағы себеп біреу. Егер дүниежүзінде қандай да бір атом станциясы отын таппаса, Қазақстанның көмегіне жүгінеді.

Шикізатты ядролық қару жасау үшін қолдану мүмкін емес. Өйткені оның уран байыту дәрежесі небәрі 4,7 пайыз болғандықтан тек бейбіт мақсатта пайдаланылады. Көбіне атом электр станцияларын салуға жарамды. Екі жыл бұрын МАГАТЭ отынды жеткізетін компанияларды таңдау үшін тендер жариялаған болатын. Нәтижесінде Үлбі металлургиялық зауытында сақталатын 90 тонна отынның 42 тоннасын «Қазатомөнеркәсіп», қалған 48 тоннасын француздың компаниясы жеткізетін болды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.