{metadescription}
«Атамекен жұлдызы» байқауы басталды
«Атамекен жұлдызы» байқауы басталды

«Атамекен жұлдызы» байқауы басталды

Жас әншілер өзара сынға түспек! Алматыда республикалық «Атамекен жұлдызы» байқауы басталды. Бірінші рет өткізіліп отырған өнер сайысында 15-24 жас аралығындағы 60-тан аса өнерпаз бақ сынайды. 3 күнге жалғасатын байқау Тұңғыш президент қорының қолдауымен ұйымдастырылған.

Біржан Хасанғалиев, П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры:

- Қытай, Өзбекстаннан эстрадалық әншілер келіп, олар да бізбен бірге бақ сынасады. Бұл эстрада өнері үшін керемет жоба.

Қатысушыларға қойылатын талап қатал. Жас өнерпаздар ең алдымен қазақ тілінде ән айтуға міндетті. Шетел әнін содан кейін орындауға болады. Қатысушылар ішінен ең үздіктерді анықтау еліміздің эстрада жұлдыздарына жүктелді. Жеңімпаздар ертең анықталып, ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Айта кетейік, байқау «Жастар жылына» орай өткізіліп жатыр.

Лаура Зәкірова, П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің 4-курс студенті:

- Осындай халықаралық конкурстардың жиі болғанын қалар едім. Себебі талантты жастар өте көп. Үлкен конкурстар үлкен мүмкіндік береді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.