{metadescription}
Кандидаттардың реттік нөмірі белгілі болды
Кандидаттардың реттік нөмірі белгілі болды

Кандидаттардың реттік нөмірі белгілі болды

Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауында дауыс беруге арналған бюллетень мәтінін бекітті. Сондай-ақ кандидаттардың дауыс беру парағындағы реттік нөмірі белгілі болды. 

Бюллетенде алфавит тәртібімен Президенттікке үміткердің тегі, аты, әкесінің есімі жазылады. Коммунист Ахметбеков тізімді бастап, екінші ақжолдық Еспаева, кейін Қосанов, Рақымбеков, Таспихов жалғастырса, Тоқаев пен Түгел тізімді қорытындылайды. Әзірге бюллетеннің нақты нұсқасы көрсетілмеді. Дегенмен орталық сайлау комиссиясы 12 миллионнан астам басып шығаруы тиіс. Ол үшін шамамен 133 миллион теңге бөлінеді. Яғни бір бюллетень құны шамамен 11 теңге. 

Сәбила Мұстафина, Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

- Бюллетендерді қолдан жасауға заңмен тыйым салынады. Сайлау бюллетендері облыстық, республикалық маңызы бар қалаларға 8 маусымға дейін кешіктірілмей жеткізілуі тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

23 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.