{metadescription}
Ипподромға атпен серуендеуге барып, ауыр жарақат алған алматылық тұрғын әділдік іздейді
Ипподромға атпен серуендеуге барып, ауыр жарақат алған алматылық тұрғын әділдік іздейді

Ипподромға атпен серуендеуге барып, ауыр жарақат алған алматылық тұрғын әділдік іздейді

Қауіпті қоршаудың құрбаны. Алматы облысында ипподромға атпен серуендеуге барып, ауыр жарақат алған Айгүл Қасенова әділдік іздейді. Үстіне құлаған қоршаудан үркіген ат оны алып қашқан. Ал содан құлаған Айгүлдің 4 қабырғасы сынып, жұлынына зақым келіпті. Енді осы жағдай үшін өтемақы ала алмай жүрмін дейді.

Талғардағы элиталық ипподромның басшылығы берген уәдесін орындамаған көрінеді.

Айгүл Қасенова жарты жыл бұрын шырқы бұзылған демалысын әлі ұмытқан жоқ. Досы екеуі Талғардағы ипподромға атпен серуендеуге барып, сонда жарақат алған. Болған жайт үшін ипподром басшылығын кінәлап отыр. Себебі, қоршаулар қауіпсіз емес.

Айгүл Қасенова, жәбірленуші:

- Нұсқаушы мені жылқыға мінгізіп, өзі алыста тұрды. Ер тоқымнан қозғалмай отырғанмын. Қоршауда тұрған құбыр еңкейген сәтте жылқының мойнына құлап, үркіген ат мені алып қашты. Үзеңгіден аяғымды шығармай отырсам да жерге құлап түстім.

Ол жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Сынған 4 қабырғаның екеуі - жабық сынық. Кейін Айгүлдің жұлынына да зақым келгені анықталады. Оның айтуынша, Ипподром басшысы ауруханаға келіп арыз жазбауын өтініп, еміңе ақша береміз деп уәде берген. Ол содан бері хабарсыз кетіпті. Шығынға батқан жәбірленуші сотқа шағымданады. Себебі, денсаулығына байланысты біраз уақыт жұмыссыз жүрген. Қазір тікесінен ұзақ отыра алмайды. Сынған сүйектер қисық біткендіктен тыныс алуы қиын.

Айгүл Қасенова, жәбірленуші:

Сынған қабырғаларым дұрыс бекімегендіктен әлі ұзақ емделем. Қаншама хирург, остеопатқа барып тексерілем. Мені таң қалдыратыны: ипподром басшылығы неге жауапкершілікті сезінбейді? Осы жерге күн сайын қаншама адам келеді.

Бір қызығы таудың етегіндегі элиталық ипподромда содан бері ештеңе өзгермеген. Адамдар мен жүйріктерге қауіпті қоршау сол күйі тұр. Ал былтыр күзде аттың мойнына құлаған ескі темір дәнекерленбепті. Оны тек екі жағынан сыммен байлап қойған. Заманауи талап бойынша қауіпсіздік қоршаулары пластиктен жасалуы тиіс. Кешен 14 жыл бұрын тұрғызылған. Мұнда соңғы рет қашан күрделі жөндеу жасалғаны белгісіз. Ал Айгүл аттан құлап жарақат алған күні осындағылар өз кінәсін бірден мойындаған екен.

- Дәнекерлеушілердің жасағаны ғой. Екеуі-ақ ұстап тұрған екен ғой.

Жәбірленушімен бетпе-бет кездескен ипподромның басқарушы директоры Сұлтан Молдасанов тиісті көмекті бердік деп ақталды. Оның меңзегені - мемлекет тарапынан берілетін тегін дәрі дейді Айгүл. Күзетші түсіру тобын ішке кіргізбегендіктен, басшылармен телефон арқылы тілдестік.

- Сұхбат бере алмаймын да, бергім де келмейді.

- Неге?

- Сол.

Ипподроммен соттасқан жәбірленуші Талғар аудандық сотында жеңілді. Судья «Жылқы көлік боп есептеледі, сондықтан оған мінген адам қауіпсіздікке өзі ғана жауапты» деген ұйғарым жасапты. Ал Айгүл Қасенованың ендігі үміті - Алматы облысында өтетін апелляциялық сотта.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде