{metadescription}
Атырау облысында тағы да мал қырылып жатыр
Атырау облысында тағы да мал қырылып жатыр

Атырау облысында тағы да мал қырылып жатыр

Бұл жолы шалғайдағы қыстақтар мен жайлауларда емес, қала маңындағы «Соколок» деп аталатын канал бойындағы шаруа қожалықтарында тіркеліп отыр. Мамандардың айтуынша, ірі қараның өліміне жұқпалы ауру себеп. Әзірге, бір шаруашылықтан 100 басқа жуық сиыр өлген.

Атыраудың іргесіндегі Қайыршақты селолық округіне қарасты сиыр өсірумен айналысатын жеке қожалықтардың бірінде мал өлімі өткен жылы басталған. Қожалық иесі Ирина Долголовецтың айтуынша, осы уақытқа дейін 90 бас шығын болыпты. Дерт басталған сәттен-ақ, тиісті орындарға хабар бергенмен, олардың тарапынан еш көмек болмаған. Қазір, ол өзінің емес, осы маңда жайылатын өзгенің малы үшін алаңдаулы.

 

Ирина Долголовец, шаруа қожалығының иесі:

 

- Менің сиырларым ауырып болған секілді. Сондықтан қатты қорқыныш жоқ менде. Яғни, ағзаларында ауруға қарсы иммунитет қалыптасты деп ойлаймын. Бірақ, бұл баяу іске қосылатын жарылғыш зат тәрізді. 10 күн бұрын осы маңға басқа сиырлар келген. Қазір ана шұңқырда жатыр. Тез ауырады да, тез өліп кетеді. Сондықтан, бір шарасын алмаса, осы маңдағының бәрі өле береді.

Өз есептерінше, қожалыққа 20 миллион теңге шамасында шығын келген. Өлгендердің көбі аналық бас көрінеді. Мұнда өсірілетін мал асыл тұқымды болмағандықтан, мемлекет тарапынан ешқандай өтемақы да алмаған. Ал, ауру малдарға диагноз талай тиісті орынның табалдырығын тоздырған соң, яғни 9 айдан кейін ғана қойылыпты.

 

Әлмұрат Омаров, малшы:

 

- Екі артын көтере алмайды. Не ауру екені белгісіз. Дәрігерлер екпесін салып кетіп қалды.

Шаруалар шу шығара бастаған соң, мамандар іске кірісіпті. Ауру шыққан жердегі шөп пен судан, топырақтан сынама алып, зертханаға жіберіпті. Анықталғаны – ірі қара вирусты диареяға шалдыққан.

 

Роман Махметов, Атырау қалалық ветеринария бөлімінің бас маманы:

 

- Бұл вирустық диареяның белгісі – ол жердің құнарсыздығынан, шөп-жемнің аздығынан болады. Ол жұқпалы ауруға жатпайды. Сондықтан тек қана шектеу жариялап отырмыз. Шектеу әрі қарай тағы да созылуы мүмкін.

Енді мал дәрігерлері ауру тіркелген қожалықтың қора-жайын дезинфекциялап, малдарын вакцинациялау жұмыстарына кіріспек.

Ветеринарлардың шешімімен дәл осы шаруа қожалығынан радиусы 30 шақырым қашықтыққа дейінгі жерге уақытша шектеу қойылған. Сондай-ақ, мамандар мұндай уақытша шектеудің канал бойындағы он шақты шаруа қожалығына да қатысты екендігін айтып отыр. Яғни, белгілі бір мерзім ішінде мал өнімдерін сатуға, мал басын айырбас жасауға тиым салынған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде