{metadescription}
Семейде мұғалімнен балағат сөз естідім деген оқушы мектепке барудан қалған
Семейде мұғалімнен балағат сөз естідім деген оқушы мектепке барудан қалған

Семейде мұғалімнен балағат сөз естідім деген оқушы мектепке барудан қалған

Анасының айтуынша, қызын сыныптастарының алдында ұстаздар «өсекші» деп жер-жебіріне жететін көрінеді. Ал мұны естіген оқушылардың барлығы оны мазақ қылуға көшкен. Ақыры, бұл қорлыққа шыдамаған бала психологиялық күйзеліске түсті дейді анасы. Бірақ мектеп басшылығы әйелдің өзін кінәлап отыр. Директор бұл мәселені біржақты қылу үшін сотқа жүгінген.

Арайлым Дəулетқызы – үздік оқушылардың бірі. Əйтсе де ол бесінші сыныпты мектепте емес үйде оқуға мəжбүр. Қаршадай қыз төртінші тоқсан бойы білім ошағының табалдырығын аттамаған. Барғысы да келмейді. Себебі, мұғалімдердің балағатынан кейін, сыныптастары шеттетіп тастаған көрінеді.  

Арайлым Дәулетқызы, оқушы:

- Тарих мұғалімі маған ұрсады. Сенің анаң-анаң дей береді. Қатты айғайлайды. Қыздар мені қасына қоспайды. Өзім жалғыз жүрем. Сен өсекшісің дейді.

Осыдан кейін оқушы күйзеліске ұшыраған. Қазір екі сөздің біріне келмей көз жасына ерік береді. Денсаулығы да сыр беріпті. Сәл уайымдаса, мұрнынан қан ағады. Ал анасы бұл жағдайды айтып, талай табалдырық тоздырған. Алайда қол ұшын созатын адам табылмады деп қапалы.

Айнұр Баскенова, А. Дәулетқызының анасы:

- Ата-анамен директор арасында ешқандай қарым-қатынас жоқ. Қашан барсаң да, директор дауыс көтереді. Одан кейін айтқан сөзін мойындамайды.

Осыдан соң оқушы көңілі қалған мұғалімдердің пəнінен қашуды əдетке айналдырған. Тіпті оны мектеп ұжымы мен ата-анасы бірігіп шарқ ұрып іздеген сəттері де болыпты. Бірақ №19 білім ошағының басшылығы бар кінəрат оның анасында екенін айтады. Олардың сөзінше, Айнұр Баскенова екі күннің бірінде мектепке келіп ұстаздарға тіл тигізетін көрінеді. Одан қалса, видеоға түсіріп қорқытып-үркітеді дейді.

Әсия Ақмерова, №19 мектептің директоры: 

- Бала 1-сыныптан бері сабақ үстінде мұғалімнің сөздерін таспаға жазады. Бұл жаман қылық. Ол сабақ оқу керек. Соны айтсаң –  анасы қолдайды. Одан қалса, өзі мұғалімдерге хабарласып, оларды видеоға түсіріп мазаларын алады. Енді, бұл мәселені бір жақты қылу үшін сотқа шағым түсірдік.

Ал жергілікті білім бөліміндегі мамандар ата-ана мен ұстаздар арасындағы даудан хабардар. Қазір олар екі тарапты татуластыра алмай əлек. Дегенмен, оқушы қандай жағдай болмасын сабақтан қалмауы тиіс деп отыр. Ол үшін полиция қызметкерлеріне шағым түсірмек. Алайда баламды балағаттады деген ата-ана білім министрлігінің араша түсуін сұрайды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.