{metadescription}
Шәмшидинова отставкаға кету ойында жоқ екенін айтты
Шәмшидинова отставкаға кету ойында жоқ екенін айтты

Шәмшидинова отставкаға кету ойында жоқ екенін айтты

Білім министрі Ұлттық тестілеу орталығы басшыларының парамен ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады. Қол астындағы қызметкерлердің шатылып жатқан Күләш Шәмшидинова отставкаға кету ойымда жоқ дейді.

Күләш Шәмшидинова, Білім және ғылым министрі:

Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Сол себепті, оның қорытындысын күтуіміз керек. Ал отставкаға кету жайлы айтарым. Өздеріңіз білесіздер, министр қызметіне кіріскеніме небары үш ай ғана болды. Сондықтан сұрағыңыз орынсыз деп ойлаймын.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қызметкерлері парамен ұсталса, бірінші басшы отставкаға кетуі керектігін айтқан еді. Кейін іле-шала Білім және ғылым министрілігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы бас директоры пара ретінде шетелдің 9 миллион теңге тұратын қымбат көлігін алды деген күдікке ілінді. Ол орталықты 2016-2017 жылдардың аралығында басқарған. Одан кейін тағайындалған Рамазан Әлімқұлов та сот шешімімен екі айға қамауға алынды. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, ол 2017-2018 жылдары делдал арқылы жүйелі түрде ауызбастырық алып отырған.
 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде