{metadescription}
Алматы облысында сел жүріп 270 үйді су басты
Алматы облысында сел жүріп 270 үйді су басты

Алматы облысында сел жүріп 270 үйді су басты

Жауын-шашының көптігінен таудағы бөгет жарылып, Пенжім ауылының бір бөлігін су шайып кеткен. Жаркент – Қорғас тасжолы да зақымдалыпты.

Панфилов ауданына қарасты Пенжімде сел кеше кешкісін 8 жарым шамасында су лап қойған. Күннің күрт ысуы мен толассыз жауын-шашын таудағы бөгеттің бұзылуына себеп болыпты. Лай аралас су 30-дан астам баспананың ішіне кірсе, 270 ауласы батпаққа айналған. Қазіргі таңда тұрғындар тазалау жұмыстарымен айналысуда.

Бұл уақытта жұрттың көбі ауызашарда болған. Баспаналарын тастап жан жақта жүргендердің арасында Александр Тоқтаев та бар. Жұмыста болған азамат гүрілді естіп, бірден үйіне қарай аттанған. Алайда, дем арасында жайылған су үйінің ішіне де кіріпті. Осылайша, далада түнеген отбасы, енді не істерін білмей дал.

Александр Тоқтаев, Пенжім ауылының тұрғыны:

- Бал шағаны алдық та қаштық. Үйдің іші толған лай су.

Апаттан кейін ауылды қалыпқа келтіруге 200-ге жуық құтқарушы мен 37 техника жұмылдырылған. Барлығы үйлердің іші мен аулаларын тазалауда. Тіпті, судың ағысы қатты болғандықтан кейбір қора-жайлардың қабырғаларын да қиратқан. Жергілікті әкімдіктегілер жарылған бөгетті жөндеп қойып, жағдайды бақылап отырмыз деді.

Ерлан Оспанбаев, Пенжім ауылдық аймағының әкімі:

Таулы аймаққа жауған нөсер жауын суы жиналған. Зардаптарды жою бойынша аудан әкімінің қаулысымен арнайы комиссия құрылған. Аулаларды тазалау, көшелерге шағылдарды төсеу жұмыстары жалғасуда.

Есеңгіреген жұрт лай батпақты тазалап жатқанымен, әлі де болса тасқынның қайталанатынынан қауіптенуде. Ал, зардап шеккен 270 отбасыға қандай да бір көмектің берілу берілмеуі арнайы комиссиясының тексерісінен кейін ғана анықталады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде