Жаңа кітаптың тұсаукесері өтті
Өз тамыр-тарихын іздеу. Жазушы, түркі дүниесінің зерттеушісі әрі саяхатшы Тинкай Кретованың «Қазахстанец» атты кібатының негізгі мағынасы осы. Жаңа еңбектің тұсаукесері Тұңғыш Президент қорында өтті.
Автор: Ербол Тұрымбет
06.06.2019
Тинкай Кретова осы туындысын жазып шығу үшін екі жыл бойы бүкіл Қазақстанды аралап шыққан. Еліміздің түкпір-түкпірінде болып, әр өңірдің тарихын, табиғи ерекшеліктерін зерделеп, жергілікті тұрғындарымен араласқан. Бойында бірнеше ұлттың қаны болғандықтан, ол өзінің кім екенін білу үшін осылай үздіксіз ізденіс жолына түскен екен. Көркем табиғат, сол табиғатпен астаса өмір сүріп жатқан адамдар және солардың байырғы тарихы Тинкайды қызықтырмай қоймапты. Сол саяхатындағы көңілге түйгендерін, сонымен бірге әсем жерлерді түсірген суреттерін осы «Қазахстанец» кітабына енгізген. Кітап 500 данамен басылып шықты.
Тинкай Кретова, «Qазахстанец» кітабының авторы:
- Елімізді аралау менің өмірімнің едәуір бөлігін алады. Біздің табиғатымыз ғана емес, адамдарымыз да керемет. Ел аралағанда сондай ғажап адамдарды кезіктірдім. Әрі қарай іздене беруіме шабыт беретін де солар. Сол саяхаттарымның ең керемет тұстарын осы кітабыма топтастырдым.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары