{metadescription}
Назарбаевқа «Құрметті Сенатор» төсбелгісі табысталды
Назарбаевқа «Құрметті Сенатор» төсбелгісі табысталды

Назарбаевқа «Құрметті Сенатор» төсбелгісі табысталды

Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті Сенатор» төсбелгісі мен куәлігі ресми түрде табысталды. Оларды Елбасыға Сенат төрайымы Дариға Назарбаева өз қолымен берді.

Нұрсұлтан Назарбаев «Құрметті сенатор» мәртебесіне бір апта бұрын лайық деп табылған еді. Мұны  халық қалаулылары Тұңғыш Президенттің тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалаудағы және қос палаталы Парламентті қалыптастырудағы еңбегіне құрмет деп түсіндірді. Енді жаңа атақ алған Елбасы кез-келген уақытта Сенат отырысына қатыса алады. Маңызды заңдарды талқылау барысында тиісті ұсыныс айтуға мүмкіндігі бар. Дегенмен, құрметті сенатор өзге депутаттар секілді жалақы алмайды және оның дауыс беру құқығы жоқ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті:

- Маған «Құрметті Сенатор» мәртебесін беру шешімін қабылдағандарыңыз үшін шын жүрегімнен ризашылығымды білдіремін. Бұл – біздің егемен еліміздің осы жылдардың ішінде мен жасаған еңбегімнің бір ұшының мәртебесі, соған деген құрмет деп білемін.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде