{metadescription}
Жұмысшылар асфальтты судың үстіне төсеген
Жұмысшылар асфальтты судың үстіне төсеген

Жұмысшылар асфальтты судың үстіне төсеген

Нөсер жауын өтісімен жол жөндегендердің әрекеті Щучье қаласы тұрғындарының наразылығын тудырды. Шұрық тесік жолдағы көлкіген суды күрекпен қалқып тастап, ыстық асфальт төсеп жатқанын көрген тұрғындар жұмыс барысын ұялы телефондарына түсіріп алған.

Өйткені, осы Сейфуллин көшесін екі жыл бұрын сапасыз жөндеп, кешікпей бұл жолмен жүріп тұру қияметке айналған еді. Енді міне, сол 3 шақырым жолдағы шұрық-тесікті бүтіндерде де асфальтты судың үстіне төсей жөнелген. Ғаламторда үлкен жанжалға айналған бұл жағдайдан соң, шенеуніктер мердігерге қайта жөндетуге мәжбүр болды.

Қайыргелді Мусин, Бурабай аудандық ТКШ бөлімінің басшысы:

- 3 жылға кепілдік берген. Ауа райы қалыпқа келген соң өз ақшасына бәрін ретке келтіреді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде