{metadescription}
Әлеуметтік желілерді бақылауға 1,7 миллиард теңге бөлінген
Әлеуметтік желілерді бақылауға 1,7 миллиард теңге бөлінген

Әлеуметтік желілерді бақылауға 1,7 миллиард теңге бөлінген

Елімізде интернетті бақылау үшін жаңадан автоматтандырылған жүйе енгізілмек. Оны құрастырып шығару үшін республикалық бюджеттен 1,7 миллиард теңге бөлініп қойған. 

Ақпарат министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, сол жүйені ақпараттық кеңістігімізге енгізуге мәжбүр болып отырмыз. Өйткені елде мәліметтер легі тым көп. Әлеуметтік желілер, мессенджерлер, телеарна мен газет, радио секілді ақпарат тарату көздері де әлдеқайда көбейген. Соның ішінде суицид, лаңкестік пен діни экстремизм, зорлық-зомбылық сияқты тыйым салынған мәліметтерді шектеу мүмкін болмай барады. Былтырдың өзінде осындай заңға қайшы келетін 120 мың интернет-ресурс, яғни сайттар мен порталдар жабылған. Оның бәрімен енді автоматтандырылған жаңа жүйе айналыспақ.

Дәурен Абаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі:  

Қазақстанда тыйым салынған ақпараттың бәрін жоямыз. Оларға қатысты шара қолдану үшін жиналған мәліметтерді Бас прокуратураға, Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қауіпсіздік кеңесіне береміз. Жалпы жүйені күзде сенаторларға таныстырамыз деп отырмыз.

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде