{metadescription}
Көшедегі ағаш құлап, бір адамды мерт қылды
Көшедегі ағаш құлап, бір адамды мерт қылды

Көшедегі ағаш құлап, бір адамды мерт қылды

Алматы облысында қатты дауылдан көшедегі ағаш құлап, бір адамды мерт қылды. Қайғылы оқиға Көксай ауылында болған. Ал, сұмдық жағдайды көзімен көрген тұрғындар үрей құшағында отыр.

Татьяна Щербакова, куәгер:

- Ағаштың жатқанын көрдім. Әуелі қоршауды қарауға шыққанмын. Әрі қарай көз жүгірткенімде көшеде көліктің жарығы жанып тұрды. Ағаш басып қалыпты. Ішінде ер адам мен әйел отырғанын анық байқадым.

Куәгерлердің айтуынша, төтенше жағдай түнгі 11-лер шамасында болған. Қатты желге шыдас бермеген кәрі терек өтіп бара жатқан көліктің үстіне құлапты. Алдыңғы терезені тесіп өткен бұтақ жүргізушінің кеудесіне қадалып, темір тұлпарды тізгіндеген азамат тіл тартпай кеткен. Қазір оқиға орнында газ құбыры мен электр желілері қалпына келтірілген. Бірақ коммуналдық мекеме қызметкерлері кесілген ағаш кеспектерін әлі тасып жатыр. Ал әкімдіктегілер қауіпсіздікті күшейту мақсатында ауқымды жұмыс атқарып жатырмыз деп ақталды.

Қадырбек Атшабаров, Іргелі ауылдық округінің әкімі:

Әкімдікке мемлекет тарапынан 3 миллион теңге бөлінген. Бүгінгі таңда 900-ге жуық қауіп төндіріп тұрған ағаштың 80 пайызын кесіп тастадық. Сондай-ақ, қауіпті 146 теректің 13-і ғана қалды. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қолымыздан келгенше жұмыс атқарып жатырмыз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде