{metadescription}
Банк туралы жалған ақпарат таратқан адамға іздеу жарияланды 
Банк туралы жалған ақпарат таратқан адамға іздеу жарияланды 

Банк туралы жалған ақпарат таратқан адамға іздеу жарияланды 

Жалған ақпарат тараған! Бүгін әлеуметтік желіде азаматтардың «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі жинақ шоттарын жаппай жауып жатқандығы» жайында ақпарат тарады. Бұл хабарламамен қоса, банк бөлімшелерінде ұзын-сонар кезекте тұрған адамдардың суреті жарияланған.

Алайда, ақпарат жалған болып шықты. Бұл туралы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» өкілдері мәлімдеді. Енді дүйім жұртты дүрліктіріп, қауесет таратқан адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Өйткені банк басшылығы еліміздің Қылмыстық кодексіне сәйкес, құқық қорғау органдарына шағым түсірген.

Ләззәт Ибрагимова, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы:

- Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Керісінше банкке 456 салымшы жаңа депозит ашып, 95 салымшы банктік қарыз алды. Сондай-ақ, салымдарды біріктіру, бөлу және оны басқа салымшының атына аудару жұмыстары жоспарлы режимде жүргізілуде. Ал жалған ақпарат таратқандар міндетті түрде жазаланатын болады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.