{metadescription}
Түркістан облысында ауылды су шайып кете жаздады
Түркістан облысында ауылды су шайып кете жаздады

Түркістан облысында ауылды су шайып кете жаздады

Қазығұрт ауданына қарасты Қыдыр Мәмбетұлы ауылында бас-аяғы 20 минут жауған жаңбыр мен бұршақ суы оннан астам үйге кіріп, қора-қопсыны құлатты. Төпеген жауын-шашын түскен сайын еңісте орналасқан елді-мекен осылай қиналып келеді. Ал жергілікті атқамінерлер мәселені шешуге енді кіріспекші.

Мына видеоны Қыдыр Мәмбетұлы ауылының тұрғындары ұсынды. Түс кезінде бас-аяғы 20 минутқа созылған жауын ауыл ішінің астаң-кестеңін шығарды. Қора-қопсы қирап, үйлердің ішін су басқан деседі. Жергілікті балабақшадағы бүлдіршіндерді жұрт шарбақтан асырып, су құрсауынан алып шығып жатыр. Қазығұрт асуының іргесіндегі Қыдыр Мәмбетұлы ауылы еңісте тұр. Жан-жағының бәрі төбе болған соң, жаңбыр жауып қар ерісе тұрғындар селмен арпалысып жыл сайын әуреге түседі. Үйлердің едендері шіри бастаған.

Нәзипа Далбаева, Қыдыр Мәмбетұлы ауылының тұрғыны:

- Неше мәрте су кірген бұл жерге. Осы үйге мен бір жыл бұрын жөндеу жасағанмын. Оның бәрі жарамсыз күйге түсіп тұр.

Табиғат құбылысынан адам айласын асыруға болар еді дейді тұрғындар. Бірақ ол үшін селден қорғайтын кешенді шаралар  жасалмай отыр дейді жұрт.

Бағдат Стамқұлов, Қыдыр Мәмбетұлы ауылының тұрғыны:

- Мына асфальттың арғы шетінен бөгет қойылмаған. Одан кейін мына жердің өзі дұрыс істелмеген. Себебі, аққан су асфальтпен тіке балабақшаға кіріп кетеді.

Еңісте орналасқан ауылды судан қорғау үшін жергілікті биліктің жасап берген жақсылығының бірі – мына арық. Жаңбыр менен қар суы осы арық арқылы далаға ағып кетуі керек. Бірақ, тұрғындардың сөзінше арық мүлдем жұмыс істемейді. Және жыл 12 ай тазаланбайды екен. Тек кешегі апаттан соң ғана билік жұмысшыларды жіберіп тазалата бастаған.

Осында жүрген аудан шенеуніктері кешегі жауын әдеттегі жаңбырдан 3 есе көп түсті деп отыр. Қызыл су зардабын анықтап жатырмыз деген олар, әзірге ауылдағы 200 үйдің ішінде жағдайы мүшкілі 4 қана үй екенін айтады. Бұған дейін селден қорғайтын шараларды қолға алмаған әкімдік өкілдері енді жұмысқа мықтап кірісеміз дейді.

Тайбек Қалымбетов, Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары:

- Биыл қашыртпа каналын салып біржақты шешетін боламыз.

Қазір селден келген зардап есептеліп жатыр. Оның қортындысы бойынша ауылдағы біраз отбасы өзге орынға қоныс аударылуы да мүмкін. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.