{metadescription}
Тоқаевты шетелдік әріптестері құттықтап жатыр
Тоқаевты шетелдік әріптестері құттықтап жатыр

Тоқаевты шетелдік әріптестері құттықтап жатыр

Алдын ала жеңісімен Қасым-Жомарт Тоқаевты шетелдік әріптестері құттықтап, жеделхаттармен қоса, телефон арқылы да ақ тілектерін білдіруде. Жүрекжарды лебізін білдіргендер арасында Түркия, Әзірбайжан,  Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Молдова президенттері бар. Ал Ресей президентінің құттықтауын осындағы төтенше және өкілетті елшісі жеткізді.

Мен Сізді дауыс берушілер белсенді қатысқан сайлаудағы айқын жеңісіңізбен құттықтаймын. Бұл таза жеңіс әрі халықтың Сізді Қазақстан Президенті ретінде таңдауының айқын дәлелі.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

Қазақстанның тыныштық пен тұрақтылық жолындағы қадамдарын одан әрі жалғастыра түсетініне және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қоса беретініңізге күмәнім жоқ. Халықтарымыз арасындағы тарихи және ежелгі достыққа негізделген қазақ-түрік қарым-қатынастары Тұңғыш Президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мырзамен біздің бірлескен күш-жігеріміздің арқасында жоғары деңгейге жетті. Осы орайда, елдеріміз арасындағы қарым-қатынастарды барлық салада одан әрі дамыту үшін жұмыс істеуге дайын екенімді атап өткім келеді.

Рэджеп Ердоған, Түркия Республикасының Президенті:

Сізді сайлаудағы жеңісіңізбен құттықтаймын. Зор денсаулық, жұмысыңызға табыс тілеймін. Әзірбайжан-Қазақстан қарым-қатынастарының астарында ортақ тарих пен ұлттық-моральдық тамырлар негізделіп жатыр. Біздің мемлекетаралық байланысымыз және стратегиялық әріптестігіміз дами түсетініне сенімдімін.

Ильхам Әлиев, Әзірбайжан Республикасының Президенті:

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтаймын. Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, жауапты үкіметтік лауазымда жаңа жетістіктер тілеймін. 28 мамырда Нұр-Сұлтан қаласындағы Жоғарғы Еуразиялық Экономикалық кеңестің басталуына дейінгі алғашқы жеке кездесуімізді жоғары бағалаймын. Кездесу екі жақты қатынастың жаңа кезеңге бастаған қадамы деп білемін.

Ал Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады. Сондай-ақ, өз ризашылығын білдіріп, бауырлас елдер арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты әрі қарқынды ілгерілету жөніндегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанған саясатын жалғастыратынын атап өтті. Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 14-15 сәуірде Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарының нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтардың тиімді жүзеге асырылуы қазақ-өзбек қарым-қатынастарының дамуына тың серпін беретініне сенімділік білдірді. Қырғызстан президенті Сооранбай  Жээнбеков екі ел халықтарының тату көршілік және достық негіздегі қазақ-қырғыз қатынастарын одан әрі нығайтуға ниетті екенін нақты айтты. Сондай-ақ, 13-14 маусымда Бішкекте өтетін Шанхан Ынтымақтастық ұйымының саммитінде ынтымақтастық пен алдағы жұмыстардың өзекті мәселелерін талқылауға шақырды. Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы алдын ала жеңісімен телефон арқылы құттықтады. Мемлекет басшылары Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық әріптестіктің одан әрі қарқынды дамитынына сенім білдірді.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.