{metadescription}
Тоқаев митингілерге қатысты пікір білдірді  
Тоқаев митингілерге қатысты пікір білдірді  

Тоқаев митингілерге қатысты пікір білдірді  

Ал, саяси додада жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаев болса Үкіметті отставкаға жібермейтінін айтты. Бүгін Ақордада отандық және шетел тілшілеріне сұхбат берген президент алдағы 5 жылда немен айналысатынын айтты. Әрі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өткен митингілер мен науқанға жарияланған байкот жайында да  мәлімдеме жасады.

Шетелдік және отандық тілшілерді Ақордаға жинаған президент алдағы жоспарымен бөліспес бұрын кешегі сайлауға қатысты пікір білдірді. Айтуынша, науқан әділ өткен. Сайлаушыларды дауыс беруге ешкім мәжбүрлеген жоқ деді Тоқаев.

Ал, Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында өткен наразылық шарасын заңсыздық деп отыр. Оны ел ішіне іріткі салып, төңкеріс жасауды көздейтіндердің ұйымдастырғанын айтады. Әрі  азаматтарға көшеге шығу туралы нұсқаулық шетелден келген дейді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан республикасының президенті:

Несмотря на предупреждения Генпрокуратуры, данные действия могут квалифицироваться, как незаконные. Но из-за того, что некоторые граждане вели себя недостойно и провоцировали полицейских, ставили под угрозу спокойствие и безопасность других граждан, органы полиции принимали меры.

Сайлауда жеңіске жеткенін салқынқандылықпен қабылдадым деген президент алдағы 5 жылда немен айналысатынын айтып берді. Бастысы мемлекет басшысы Үкіметті отставкаға жібермейді. Бірақ, біршама ауыс-түйістің болатынын айтты. Яғни, министр, әкім қызметіне бұдан былай жастарды көбірек тағайындамақ. Әрі жұмысына жауапсыз қарайтын шенеуніктерді аямайтынын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан республикасының президенті:

Елімізде түйіні шешілмеген мәселелер бар. Мен оларды жақсы білемін. Ол медицинаның сапасы, жалақының төмендігі тағы басқа экология, ауызсумен қамтамасыз ету осы өзекті мәселелерді басты назарға қоямыз. Үкіметке тиісті тапсырмаларымды беремін.

Сондай-ақ, Жемқорлыққа қарсы күресті күшейтіп, халықтың тұрмысын жақсартуға және ел экономикасын көтеруге ерекше мән беріледі деді Тоқаев. Ал Ақорда көпвекторлы саясатын жалғастыра бермек. Осылайша тілшілердің барлық сұрағына жауап берген президент «билікті транзитті жолмен алды» деген тіркесті бұдан былай қолданбауға кеңес берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Что такое транзит? Это значит, что я транзитный пассажир, что ли, или попутчик? Нет, я считаю себя полнокровным Президентом Республики Казахстан. Я не попутчик, не собираюсь менять ни поезд, ни самолет, ни пересаживаться на какое-то другое движущееся средство. Поэтому давайте покончим с этим словом. Выборы состоялись, президент избран.

Сондай-ақ, ел ішінде қызу талқыланып жатқан атом электр стансасын салу туралы да айтты. Айтуынша, станса салынбайды. Оны қазақ жерінде тұрғызбас бұрын халықпен ақылдамасыз дейді Тоқаев.

Кеше

24 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде