{metadescription}
Одесса қаласындағы психиатриялық ауруханасында өрт шықты
Одесса қаласындағы психиатриялық ауруханасында өрт шықты

Одесса қаласындағы психиатриялық ауруханасында өрт шықты

Алдын ала мәлімет бойынша төрт адам от ортасында өртеніп өлсе, екеуі емханаға жеткізілгенде жан тапсырған.

Өрт бір қабатты ағаш корпуста тұтанған. Құтқарушылар қазір отты толық өшіріп, аумақта тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қаза тапқандардың біреуі мейірбеке, қалғаны науқастар. Түтіннен қатты уланған  тағы алты адамды қазір ақ халаттылар өлім тырнағынан арашалау үшін күресуде. Жалпы өрт кезінде 60 адам құтқарылды. Отқа оранған аурухананы көпшілік алыстан байқаған. Куәгерлер, шыңғырған дауыстарды естігенін айтады. Қауіпсіздік дабылы іске қосылғанмен, өрт сөндірушілер жеткенше жалын аумақты жалмап үлгерген. Украина президенті Владимир Зеленский мемлекеттік комиссия құруды тапсырды. Бұл дәл осы ауруханадағы соңғы екі айдың ішіндегі екінші өрт. Ол кезде зардап шеккендер болмаған. Оқыс оқиға сақтануға сабақ болмағандай. Тергеу қорытындысы бойынша кінәлілер жауапқа тартылады. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.