{metadescription}
Махачкала портында танкер атылып, үш теңізші ажал құшты
Махачкала портында танкер атылып, үш теңізші ажал құшты

Махачкала портында танкер атылып, үш теңізші ажал құшты

Мұнайды қотару сәтінде болған оқыс жарылыстан жараланған тағы үш теңізші ауруханада ауыр хәлде жатыр.

Дағыстанның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бортта бас-аяғы 12 адам болған. Ал, бұл мұнай өңдейтін алып кеме миллиардер Владимир Лисинге тиесілі екен. Ресейдің тергеу комитеті қазір бұл жайтты жіті зерттеп жатыр. Ресми мәлімет бойынша мұнай тасымалдайтын танкерде алдымен жарылыс болып, артынша ауыздықсыз алау бас алған. Мұнайдың суға жайылып кету қаупі жоқ. Жарылыс сәтінде танкерде 2 тонна шикізат болған. Әзірге өрт толық сөнбегендіктен, апаттың неден шыққанын ешкім дөп басып айта алмай отыр. Теркеу комитеті салғырттықттықтан адам өліміне әкелген оқиға бабымен іс қозғады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.