{metadescription}
Жамбыл облысында есірткі саудасымен айналысқан азамат ұсталды
Жамбыл облысында есірткі саудасымен айналысқан азамат ұсталды

Жамбыл облысында есірткі саудасымен айналысқан азамат ұсталды

45 жастағы Қордай ауылы тұрғынының үйін тінту барасында екі келіден асатын героин табылды. 

Күдікті алты ай бұрын құзырлы орындағылардың назарына іліккен. Күні бүгінге дейін тәртіп сақшылары оның әр қадамын аңдып, ақыры үйіне сау етіп кірген. 45 жастағы азамат өзін бақылауда жүргенін білмесе керек. Себебі, құны қара нарықта 40 мың доллардан асып жығылатын есірті затын жастығының астында жасырыпты. Оны табу еш қиындық туғызбаған. Ұсталған азамат бұған дейін де сотталған екен. Өзі жұмыссыз, үш баласы бар. Полицейлер ол сараңдығынан ұсталып қалды дейді. Яғни, 45 жастағы жергілікті тұрғын  есірткі бизнесімен жалғыз өзі айналысқан. Тасымалдаушы да, сақтаушы, сатушы да өзі. Осылайша түскен табысты ешкіммен бөліскісі келмеген ол, шаруаны жалғыз тындырамын деп ұсталып отыр. Ал тәркіленген тауар жоғары сұрыпты ауған героині болып шықты.

Асхат Әлметов, Жамбыл облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы:

- Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындап отыр. 297 баптың 3 бөлігі ол сату дерегі бойынша 7 жылдан 15 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде