{metadescription}
Жаңбыр суы көшелерді көл қылып, жұрт тағы әбігерге түсуі мүмкін
Жаңбыр суы көшелерді көл қылып, жұрт тағы әбігерге түсуі мүмкін

Жаңбыр суы көшелерді көл қылып, жұрт тағы әбігерге түсуі мүмкін

Өйткені, еліміздің басым бөлігінде алдағы күндері ауа райы жауын-шашынды болмақ. Тіпті, кей өңірлерде жел күшейіп, дауыл соғуы, сондай-ақ бұршақ жаууы ықтимал. 

Күн райының бұлайша құбылуына Баренц теңізі мен Жайықтың солтүстігінен келетін салқын әрі ылғалды тропосфералық ауа ағымдары әсер етеді дейді синоптиктер. «Қазгидромет» мамандары, әсіресе, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты нөсер болатынын ескертеді. Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қостанай, Қарағанды облыстарында найзағай ойнап, жауын жауып, желдің жылдамдығы күшейіп, секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. Ал, Алматы, Жамбыл, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің екпіні секундіна 23 метрге дейін жетеді деген болжам бар. Батыстан басқа өңірлерде ауа температурасы орташа қалыпты жағдайдан 3-5 градусқа төмен болады. Ал Батыста аспан ашық болғанымен аптап ыстық келе жатыр. Мұнда температура 38 градусқа дейін көтерілмек.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде