{metadescription}
Жұртты дүрліктірген жарылғыш зат
Жұртты дүрліктірген жарылғыш зат

Жұртты дүрліктірген жарылғыш зат

Бүгін Алматыдағы бірнеше ауданның соты мен прокуратурасы, халыққа қызмет көрсету орталықтарына бомба қойылды деген хабар полиция мен жедел әрекет ету құрылымдарын аяғынан тік тұрғызды. Адамдарын қауіпсіз жерге шығарып, аталған нысандар айналдыра қоршауға алынған болатын. Бомба табылмады. Ал жалған ақпарат таратып маңызды мекемелердің жұмысын тоқтатып қойған қаскөй 6 жылға дейін сотталуы мүмкін.  

Таң сәріде 102 нөміріне Медеу аудандық соты ғимаратында жарылғыш заттың бар екені жайында хабар келіп түскен. Сол сәтте-ақ арыздарын арқалап келгендерден бастап, судьяларға дейін сыртқа шығарылып, аумақ түгелдей қоршауға алынды. Осы мезетте Наурызбай аудандық халыққа қызмет көрсету орталығындағыларды да дәл осындай жағдайда қауіпсіз жерге шығарылды. Сапёрлер мен иісшіл иттер аталған ғимараттарды бірнеше сағат бойы тінтіп түк таппады. Аталған мекемедегі жұмыс уақытша тоқтағандықтан тұрғындар сыртта сағаттап күтіп тұрды. 

Шәбен Нұрқожа:

- Сағат 9-дан бері осы жерде отырмыз. Әлі хабар жоқ. Ішке адамның кірген шыққанын білмеймін.

Ғимараттарда бомба қойылғандығы жайында ақпарат жалған болып шықты. Қазір қылмыстық іс қозғалып, іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі:

- Абырой болғанда ешбір хабарлама дәлелденген жоқ. Қазіргі таңда қылмыстық кодекстің 273 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары бойынша кінәлілерді айқындап, қылмыстық жауапкершілікке тартатын болады.

Осылайша құзырлы орындар 2015 жылдан бері заң шығарушы орган бұл қылмыс үшін жазаны күшейткендігін айтады. Бұрын жарылғыш зат туралы жалған ақпарат таратқандарға 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімі көзделсе, қазір бұл мерзім 6 жылды құрап отыр екен.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.