{metadescription}
ОСК сайлаудың соңғы қортындысын жариялады
ОСК сайлаудың соңғы қортындысын жариялады

ОСК сайлаудың соңғы қортындысын жариялады

Коммунистер атынан аламанға қатысқан Жамбыл Ахметбеков 167 мың 649 дауыс, яғни 1,82 пайыз. «Ақ жол» партиясынан саяси додаға түскен Дәния Еспаеваға 465 мың 714 адам дауыс берген. 

Президенттікке алғашқы әйел кандадатты осылайша жалпы электораттың 5,5 пайызы қолдағандықтан, үшінші орынға жайғасты. Ал «Ұлт тағдыры» саяси-патриоттық ұйымынан қатысқан Әміржан Қосановты 1 млн 495 мың 401 адам қолдап, екінші орынға шықты. Ал «Ауыл» партиясынан қатысқан Төлеутай Рақымбековке 280 мың 451 сайлаушы дауыс берген. Жалпы үлесі 3,4 пайыз. Кәсіподақтар атынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылған Амангелді Таспихов 182 мың 898 дауыс жинап, 1,98 пайыз электораттың қолдауына ие болған. Ал «Нұр Отан» партиясы атынан қатысқан Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 млн 539 мың 715 адам, яғни дауыс берушілердің 70,96 пайызы қолдап, сайлауда жеңіске жетті. Ал «Ұлы дала қырандары» республикалық қозғалысынан додаға қатысқан Сәдібек Түгелге 84 мың 582  адам дауыс беріпті. Бұл сайлаушылардың 1 пайызына да жетпейді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде