{metadescription}
Тоқаевтың инаугурациясына шетел президенттері шақыртылмаған
Тоқаевтың инаугурациясына шетел президенттері шақыртылмаған

Тоқаевтың инаугурациясына шетел президенттері шақыртылмаған

Сайлауда жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаев ертең салтанатты түрде ант береді. Орталық сайлау комиссиясы саяси доданың ресми қорытындысын жариялағаны сол еді, президенттің инаугурациясы өтетін күнді де белгіледі. Сөйтіп, Елорда саяси додада топ жарған  Тоқаевты ұлықтау рәсіміне әзірленіп жатыр.

Президент сайлауының ресми қорытындысын шығаруға заң бойынша 7 күн беріледі. Бірақ, Орталық сайлау комиссиясы соңғы сандарды түнде жариялады. Оның алдын ала қорытындыдан айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 70,96 пайыз дауысын жинап, жеңіске жеткен. Бұдан соң, инаугурация өтетін күн де белгілі болды.

Ләззат Сүлеймен, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

- Президент кезектен тыс сайлауда сайланған жағдайда, ант беру күнін ОСК-сы айқындайды. Осы конститутциялық заңның нормасына сүйене отырып, 2019 жылы 9 маусымда кезектен тыс сайланған ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ант беру күні 2019 жылдың 12-маусымы болып айқындалсын.

Тәуелсіз Қазақстанның екінші президенті Қасым Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі ертең осы жерде өтеді. Сондықтан қазір «Тәуелсіздік сарайы» еліміздегі стратегиялық маңызды нысанға айналған. Ерекше бақылауға алынып, айнала міне мынадай темір қоршаулармен қоршалған.

Ал, рәсімді түсіретін телевизиялық камералар сақадай сай. Сахна да құрылып, зеңбіректер қаз қатар тізіліп тұр. Яғни зеңбіректен аспанға оқ жауады. Оған әскерилер дамыл таппай жаттығып жатыр. Мемлекет басшысын ұлықтау рәсімі Ақордадан басталады. Қасым-Жомарт Тоқаев мұнда кортежге мініп, «Тәуелсіздік сарайына» қарай бет алады. Сөйтіп, осында қызыл кілеммен жүріп өтіп, қазақ халқына адал қызмет етуге ант береді. Туымызға тағзым етеді. Сосын Орталық сайлау комиссиясы Тоқаевқа президент куәлігі мен төсбелгі, және «Алтын Қыран» орденін табыстайды.

Сөйтіп, осы сәттен бастап ел таңдаған президент қызметіне ресми түрде кіріседі. Айта кетерлігі инаугурацияға шетел президенттері шақыртылмаған.

Инаугурациядан соң, Қасым-Жомарт Тоқаев 13-14 маусым күндері Бішкекте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне аттанбақ. Сондықтан ұйымға мүше Үндістан, Қытай, Тәжікстан, Өзбекстан мен Ресей секілді елдердің президенттері Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен жеке құттықтауға мүмкіндік алады. Ал инаугурация сағат 11-00-де республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетілмек.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.