{metadescription}
Шымкенттегі жарылыстан зардап шеккен жұмысшы есін жимастан қайтыс болды
Шымкенттегі жарылыстан зардап шеккен жұмысшы есін жимастан қайтыс болды

Шымкенттегі жарылыстан зардап шеккен жұмысшы есін жимастан қайтыс болды

«Мұраз» газ құю стансасынындағы апат кезінде қызмет етіп жүрген 20 жасар Ерлан Анардың денесінің 98 пайызы күйген болатын.

7-ші маусым күні Шымкенттің Тассай ауылындағы газ сақтау қоймасында тұрған сыйымдылығы 7 және 50 текшеметрлік цистерналар жарылған болатын. Алапат жарылыстан жақын маңдағы ауылда уақытша жарық сөніп қалған. Зардап шеккен жалғыз Ерлан Анар 98 пайызбен жансақтау бөліміне жеткізіліп, оған көмектесу үшін  еліміздің ең мықты дәрігер-профессорлары да шақырылған еді. Алайда, әу бастан-ақ есін жиюға үміт жоқ деген жұмысшы қайтыс болды. Үйленіп те үлгермеген ол отбасындағы 8 баланың үлкені болыпты. Төтенше оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Мәдина Ермаханбетова, Т. Орынбаев атындағы жоғары қысымды оксигенация орталығының бас дәрігері:

- Қайтыс болғандағы диагнозы термоэнголяциялық жарақат, бастың, беттің, мойнының, дененің, кеудесі мен арқаның, аяқ-қолдарының 98 пайыз күюі. Және 3-ші А, 3-ші В, 4-ші дәрежедегі ауырлықтағы сатысы болды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.