{metadescription}
Ақтөбені жайлаған сасық иіске кінәлі кәсіпорындар орталық жүйеден ажыратылып жатыр
Ақтөбені жайлаған сасық иіске кінәлі кәсіпорындар орталық жүйеден ажыратылып жатыр

Ақтөбені жайлаған сасық иіске кінәлі кәсіпорындар орталық жүйеден ажыратылып жатыр

Ақтөбеде коммуналдық мекеме кәріз құбырын тазартпаған кәсіпорындарды жаппай орталық жүйеден ажыратып жатыр. Қаладағы ең үлкен базардан бастап, бірнеше мейрамхананың құбырын бекітіп кеткен. Бұған кәсіпкерлер қарсы. Десе де, сасық иістің таралуына тазалық сақтамаған осындай мекемелер себепші екенін экологтар да растап отыр.

Шыжыған ыстықта ақтөбеліктер үйлерінің терезесін ашудан қалған. Әсіресе, таң атқанда және кешкілік қолқаны қабатын күлімсі иістен тұншығып қала жаздайтындарын айтады. 

Бақытжан Молдағазина, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

Таңертең тұрғанда форточка ашсаң сасыған канализацияның иісі келеді. Бізге демалуға өте қиын.

Қабаш Құрманғалиев, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Демалып отырайын десең мына иістен отыра алмайсың.

Тынысы тарылған ақтөбеліктер экология департаментіне арыз жаудырып жатыр. Ондағылар да ауаның ластанғанын мойындайды. Осы айда атмосферадағы күкірт сутегі мөлшерден 12 есеге артқан. Бұған кәріз құбырын тазартпаған мекемелер кінәлі көрінеді.

Ерболат Қожықов, Ақтөбе облыстық экология департаменті басшысының орынбасары:

- Жағымсыз иістің негізгі көздері «Ақбұлақ» акцонерлік қоғамының қондырғылары болып есептеледі. Негізгі көздері КОС деп атаймыз, сосын мына қаладағы канализация жүйелері.

Экологтардың бұйрығымен коммуналдық мекеме кәріз құбырын тазартпаған кәсіпорындарды орталық жүйеден ажыратып жатыр. Тексеру кезінде бұл компаниялардың құбырында қауіпті газ жиналып қалғаны анықталды.

Тимур Бабанаев, «Ақбұлақ» АҚ вице-президенті:

- Кәріз суларының жүйесін уақытша түрде тоқтатуға тура келіп отыр. Біз мүлдем оны енді жауып тастай алмаймыз.

Қаладағы ең үлкен орталық базадардан бастап, бірнеше мейрамхананың жұмысы тоқтады. Жуынды төгіп, лас зуды ағызатын құбырлары бекітулі. Коммуналшылардың мұндай әрекетіне сондағы кәсіпкерлер наразы.

Кәсіпорындардың кәріз құбырларын бекіткенмен Ақтөбенің ауасы тазарып кетпейтінін мамандар да мойындайды. Өйткені, қаладағы кәріз суларын жинайтын бекеттердің барлығы тозған. Ал оны қайта салуға не жөндеуге 14 миллиард теңге қажет. Ондай ақша қазынада жоқ.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде