{metadescription}
Алматыда монша өртенді
Алматыда монша өртенді

Алматыда монша өртенді

Алмалы ауданында орналасқан жуынатын орын таңғы 8-де жана бастаған. Қызыл жалын жанындағы жапсарлас тұрған үйлерге өтіп кету қаупін тудырған.

Монша түгелдей дерлік ағаштан салыныпты. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды бір сағатта ауыздықтаған. Жалын 900 шаршы метр монша кешенін түгел шарпып, 150 шаршы метр аумғы күлге айналған. Өртті ауыздықтауға 32 өрт сөндіруші мен 9 көлік жұмылдырылған. Әзірге оттың тұтану себебі белгісіз. Таңғы уақытта тұтанғандықтан моншада адам болмай, зардап шеккендер жоқ. Бірақ сол маңайдың тұрғындары осы моншадан әбден зәрезап болғандарын айтады. Өйткені бұған дейін де осы нысанды өрт шарпыған екен.

Төлепберген Қосмағамбетов, Алматы қаласының тұрғыны:

- Былтырда жанып еді. Менің үйімнің төбесін екі рет жөндеп едім. Енді не болады?

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.