{metadescription}
Әткеншек теуіп отырып көз жұмған баланың өліміне қатысты жаңа мәліметтер шықты
Әткеншек теуіп отырып көз жұмған баланың өліміне қатысты жаңа мәліметтер шықты

Әткеншек теуіп отырып көз жұмған баланың өліміне қатысты жаңа мәліметтер шықты

Қарағандыдағы сауда үйлерінің бірінде 7 жастағы қыз бала қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Ондағы ойын алаңынан бала ойнаған әткеншек те тәркіленген.

Людмила Качаненко балалар алаңының әкімшісі:

- Бала ойнаған әткеншек барлық талаптарға сай. Яғни ол жерден ары кетсе 30 сантиметрге ғана жоғары. Ол апасы екеуі онап жүрген. Жасы 12-13 терде. Соның шыңғырған даусына бәріміз жүгіріп, қолдан келгенше көмек бердік.

Куәгерлердің айтуынша, 7 жастағы қыз әткеншекте өзінен ересек апасымен бірге ойнаған. Алаңқайдың сыртында шешесі де тұрыпты. Бір сәтте есінен танып құлағанын маңайдағылар көреді. Оны алаңқайдан шығарып, алғашқы медициналық көмек те көрсетілген. 11 минуттың ішінде дәрігерлер жеткенімен, қыздың демі үзіліпті. Олардың ақпаратынша, 7 жастағы қыз бала созылмалы аурумен тіркеуде тұрған көрінеді. Сот медициналық сараптамасының алғашқы болжамдары бойынша бала өзінің жеген тамағына қақалып қалған.

Гамаль Тоқсанбаев, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Өлімге механикалық асфексия себеп болған. Яғни баланың асқазанындағы желінген тамағы көтеріліп, тыныс алу жолдарына түскен. Сондықтан ауа жетпей қалып отыр. Бұл алдын ала болжам. Толық жан-жақты жауабын сот медициналық сараптама аяқталған соң бере аламыз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.