{metadescription}
Бестөбе кен байыту фабрикасы директорына сот үкім кесті
Бестөбе кен байыту фабрикасы директорына сот үкім кесті

Бестөбе кен байыту фабрикасы директорына сот үкім кесті

Дидар Утешкенов қаңтар айында кәсіпорын лаборанты Динара Аханбаеваның өліміне күдікті есебінде қамауға алынған болатын. Еліміздегі ең ірі алтын өндіру кәсіпорыны басшысына байланысты қылмыстық іс  көпшілікті елең еткізген еді. Енді 34 жастағы директор 8 жылын темір тордың ар жағында өткізбек.

Яғни, сотталушыға «Денсаулыққа қасақана зиян келтіріп, абайсызда жәбірленушіні өлтіріп алған» деген айып тағылған. Сондай-ақ, оған марқұмның туысқандарына 9 миллион теңгеге жуық моралдық-материалдық шығын өтеу міндеттелді. Алтын фабрикасының директоры жазасын жалпы колонияда  өтейтін болады. Бірақ, сотқа онлайн байланыс арқылы қатысқан Дидар Утешкенов, кінәсін мойындаған жоқ.  Соттың шешімін естігенде оның  туысқандары  да судьяның  ескертуіне қарамастан, шу шығарып прокурорға сес көрсетті.

Мы будем обращаться вверх! Мы это дело так не оставим! Всех снесем! И Вас снесем!

Олар білдей бір алтын фабрикасының директоры, кәсіпорын лаборанты Динара Аханбаеваны өлтірген жоқ, ол көліктен өзі секіріп кетті деп дәлелдеп әлек. Бірақ, қаңтар айында болған оқиғаға жасалған кешенді сараптама, тексерістер директор дегеніне көнбеген лабарантты көліктен алып шығып, асфальтқа басын соққанын дәлелдеген. 6 ай бұрын Динараны  қара жер қойнына тапсырған марқұмның бауырлары, әлі күнге көз жастарын тия алмай жүр.

Әлия Сейітқасымова, марқұмның әпкесі:

- Біз әділдік болатынына сендік.Бауырыма қазір осыдан басқа ешқандай жақсылық жасай алмаймыз. Көп пе, аз ба біз үшін кінәсі дәлелденгені жетіп жатыр. Әлі де сенгіміз келмейді оның бұл өмірде жоқ екендігіне.Кішкентай қызы әлі күтіп жүр.

Анасының енді қайтып келмейтініне, кішкентай Дильназ да сенбейді екен. Өйткені, Жаңарқадан Бестөбедегі фабрикаға 15 күндік жұмысқа кетіп, келіп жүріпті. Ал оның анасының өліміне себепкер болды деген Дидар Утешкеновке кесілген үкім әлі күшіне енген жоқ. Оның туысқандары Жоғарғы сотқа дейін шағымданып, ақтап алудан үмітті.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.