{metadescription}
Келер жылдан бастап әлеуметтік төлем мөлшері артуы мүмкін
Келер жылдан бастап әлеуметтік төлем мөлшері артуы мүмкін

Келер жылдан бастап әлеуметтік төлем мөлшері артуы мүмкін

Бүгін мәжілісмендер «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Министрлік 2020 жылдың қаңтарынан мүгедектер, асыраушысынан айырылғандар мен еңбек етуге қабілеті жоқ адамдарға төленетін қаржыны 30 пайызға арттыруды көздеп отыр. Осы 3 түрлі әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың жаңа жүйесі енгізілмек. Алайда, азаматтардың қолға қанша теңге алатыны белгісіз. Өйткені, әр тұрғынға берілетін төлем көлемі әртүрлі. Дегенмен  шенеуніктер 200 мыңнан астам адам жаңа жүйенің шарапатын көретінін айтты.

Бердібек Сапарбаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Оның мөлшері мемлекетіміздегі инфляцияға байланысты көтеріліп тұрады. 5 пайыздан 8 пайызға дейін қандай инфляция болады әлеуметтік төлемдер көтеріледі. Мұның ішінде бюджеттен төленетіні бар, әлеуметтік қамсыздандыру мемлекеттік қорынан төленеді.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде