{metadescription}
Ұлықтау рәсімінен соң Тоқаев Бішкекке бармақ
Ұлықтау рәсімінен соң Тоқаев Бішкекке бармақ

Ұлықтау рәсімінен соң Тоқаев Бішкекке бармақ

Ресми түрде қызметіне кіріскен қазақ елінің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының 14-ші саммитіне қатысады деп жоспарланып отыр. Бұл оның Президент ретіндегі алғашқы сапары болмақ. Жиын 13-14 маусым күндері Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтеді. Саммитке дайындық барысы қалай? 8 мемлекеттің Президенттері бас қосатын шарада қандай құжат қабылданбақ?

- Сонымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының 14-ші саммитіне дайындық қалай?

Соңғы күндері Бішкекте нағыз қарбалас. Шанхай ынтымақтастық ұйымына биыл төрағалық еткен Қырғыз Республикасы 14-ші саммитті өткізуге дайын. Айыр қалпақты ағайындар құрметті меймандарды Ала-Арча мемлекеттік резиденциясында күтеді. Жиынға Қырғызстаннан өзге Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Үндістан және Пәкістан елдерінің мемлекет басшылары қатысады деп жоспарланып отыр.

Бұдан өзге Иран, Ауғанстан, Беларусь және Моңғолия бақылаушы ретінде қатысады. Күнтәртібіндегі мәселелер ауқымды. Лаңкестік, есірткі контрабандасы, саяси, сауда-экономикалық және инвестиция жайы талқыланбақ. Айта кетейік, былтыр Пәкістан мен Үндістан Қытайдағы басқосуда ұйымға мүше болды. Сонымен саммиттің дайындығына қайта оралсақ, Бішкек шаһарында ең бірінші кезекте қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Мұздай қаруланған әскерилер қалаға кіріп-шыққан көліктерді жіті назарға алған. Жолдар жөнделіп, абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Қала ішінде саммитке қатысатын елдердің тулары ілулі.

Саммитке қатысушы елдердің алды Бішкекке келе бастады. Моңғолия Республикасының Президенті Халтмаагийн Баатулга ресми сапармен келді. Жалпы қырғыз еліндегі жиында бас-аяғы түрлі саланы қамтитын 20 құжат қаралады деп күтілуде. Соның ішіндегі ең сүбелі құжат - Бішкек декларациясы. Ал, Бішкек саммитінен соң Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету кезегі Ресейге өтеді.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде